Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 512– 518 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,5 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,35 теңге. Еуро — 582,67.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 584 — 588 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19 — 6,31 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 6 мамыр күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,6 теңгеге төмендеп, 514,50 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.