Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 — 534 теңгеден саудаланып жатыр.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Ұлттық банктің 6 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге. Еуро — 542,31.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 5 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,20 теңгеге қымбаттап, 526,30 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті