Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 475,21 теңгеден сатып алынады, 482,10 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 552,03 теңге, сату — 562,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,05 теңге, сату — 6,35 теңге;
— юань 68,02 теңгеден сатып алынады, 74,15 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 478,58 теңге, сату — 482,69 теңге;
— еуро: сатып алу — 556,13 теңге, сату — 562,12 теңге;
— рубль 5,99 — 6,15 теңге аралығында саудаланады.
— юань 68,84 — 72,08 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 8 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 12,32 теңгеге өсіп, 475,31 теңге болды.