Доллар, еуро, рубль және юань қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Фото: Kazinform/ Pixabay

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 518,01 теңге, сату - 520,44 теңге;
- еуро: сатып алу - 605,10 теңге, сату - 610,56 теңге;
- рубль 6,45 - 6,58 теңге аралығында саудаланады.
- юань 72,87 - 75,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 514,62 теңгеден сатып алынады, 521,62 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 601,55 теңге, сату - 611,55 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,60 теңге;
- юань 73,05 теңгеден сатып алынады, 77,06 теңгеден сатылады.

Еске салайық, бұған дейін базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылға арналған шешімдер кестесі бекітілді.