Доллар күндізгі сауда қорытындысында күрт арзандады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды.

Фото: Kazinform/ Pixabay

14 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 468,88 теңге болып, 7,45 теңге төмендеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 14 шілдеге белгілеген ресми бағамы 477,11 теңге деңгейінде.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 468,03 теңгеден сатып алынып, 475,03 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы — 533,03 теңге, сату бағамы — 543,03 теңге, рубль 5,65–5,95 теңге аралығында.

Алматыда доллар орта есеппен 468,92 теңгеден сатып алынып, 471,99 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 534,46–540,42 теңге, ал рубль 5,74–5,82 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 469,34 теңгеден сатып алынып, 471 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 533,32–539,43 теңге аралығында сатып алуға немесе сатуға болады. Рубль бағамы 5,76–5,84 теңге шамасында.

Еске салайық, 13 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 477,11 теңге болып, 8,94 теңге қымбаттаған еді.