Доллардың бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483- 489 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 14 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,37 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге.

Еуро — 532,94.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,7 теңге. Еуро 530,5 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,88 теңгеге төмендеп, 486,86 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойын айтқан болатын. 

Сондай - ақҚаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.