ОРАЛ. KAZINFORM – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.
Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы да жанкүйерлер үмітін ақтай білді.
Батысқазақстандық клуб орынборлықтарды 7:4 есебімен қапы қалдырды.
«Ақжайықтан» ресейлік Артем Лапшин хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев екі гол соқты. Ершат Амангелдиев пен Самат Аманшиннің есебінде бір-бір доптан бар.
«Локомотив» сапында Олег Хасянов 2, Байрам Мамедов пен Сергей Ромашов бір-бір гол енгізіп, көзге түсті.
Осылайша, қатарынан бесінші рет жеңіске жеткен «Ақжайық» екінші топта 45 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» ресейлік команданы екінші рет тізе бүктіргенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).