ОРАЛ. KAZINFORM — Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.
Ойын оралдық хоккейшілердің айқын басымдылығымен өтті.
Николай Шавалдиннің шәкірттері 20:3 есебімен жеңіске жетті.
«Ақжайық» сапындағы ресейлік шабуылшы Максим Пахомов 10 голдың авторы атанды. Рауан Исалиев «Локомотив» қақпасына 4 доп енгізді. Команда капитаны Максим Өтебалиев пен Самат Аманшин екі-екіден, Павел Чебаков пен Нұрбол Бөкешов бір-бірден көзге түсті.
Осы матчтан кейін 42 ұпай жинаған оралдық клуб өз тобында көш бастады.
Дүйсенбі күні қос команда екінші кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қарсыласын камбэкпен ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).