ОРАЛ. ҚазАқпарат – Жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» өз айдынында «Кировецті» (Уфа) екінші рет ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесу әлдеқайда тартысты өрбіді.
Бірінші таймда «Ақжайық» сапындағы ресейлік легионер Сергей Башаев есеп ашса, қонақтардан Алексей Севриков таразы басын теңестірді. Дегенмен көп ұзамай С.Башаев пен тағы бір ресейлік Максим Пахомов есепті 3:1-ге жеткізді.
Ойынның екінші кезеңінде айдын иелерінен Петр Грибанов көзге түссе, «Кировецтен» тағы да А.Севриков бір голмен жауап қайырды.
Жалпы есеп – 4:2.
Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері 40 ұпаймен екінші топта үшінші орында келеді.
Батысқазақстандық клуб келесі ойындарын 12-13 ақпанда Свердлов облысының «СКА-Свердловск» командасымен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Кировец» командасын жеңгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).