Допты хоккейден финал: «Ақжайық» соңғы кездесуін өткізді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден Красноярскіде жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың финалында «Ақжайық» «Волга-Черемшан» (Ульяновск) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдық маман Николай Шавалдин жатттықтыратын батысқазақстандықтар қарсыласына 2:6 есебімен жол берді.

«Ақжайықтан» ресейлік легионер Сергей Башаев екі голдың авторы атанды.

Осылайша оралдықтар А тобында бес матч өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетіп, алты ұпаймен төртінші орынға табан тіреді.

2021-2022 жылғы маусымда «Ақжайықтың» үшінші топта үздік үштікке ілігіп, финалдық сайыстарға жолдама алғанын табыс деп есептеуге болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Кировец» командасына есе жібергенін жазған болатынбыз.