DOS-тан Айгүл Иманбаеваға дейін: Астанада бүгін кімдер ән шырқап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың бірнеше алаңында Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтіп жатыр. Бүгін ашық аспан астындағы концерттер Астананың алты ауданында ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Алматы ауданында мерекелік концерт Теміржолшылар тұрғын алабында өтіп жатыр. Бағдарламада Лұқпан Жолдасов, Меруерт Бақыт, Ералы Қанжығалы, «Алтын» триосы, «Айша бибі» дуэті және «DiEra» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00–де мерекелік бағдарлама «Жастар» саябағында жалғасады. Мұнда Дидар Мансұр, «Айлин» триосы, Медет Шайкелов, «Астана» тобы, Парасат Отан және «Алтын» триосы өнер көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Байқоңыр ауданында концерт Өндіріс тұрғын алабында өтіп жатыр.

Көрермен алдында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, Мадина Исламова, Әкімхан мен Ақбота, Даниял Ахметов және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00–де «Ататүрік» саябағында Мадина Исламова, Аян Жаймағамбетов, «Айша бибі» дуэті, DOS, «Алтын» триосы және Мәди Қадыров сахнаға шығады.

Есіл ауданында мерекелік концерт сағат 15:00–де Бағыстан тұрғын алабында өтеді. Көрермен алдында Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, «DiEra» триосы, «Белес» дуэті және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Нұра ауданында сағат 12:00–де Үркер тұрғын алабындағы «Айғыржал» гүлзарында мерекелік бағдарлама басталды. Жұрт алдында Тұрар Төлеутай, Айгүл Иманбаева, Дидар Әбдіхалық, «Жарық» дуэті, Аян Жаймағамбетов және «Qazaq Voice» триосы ән шырқайды.

Сағат 15:00–де Жағалау тұрғын алабында концерт өтеді. Бағдарламада Нұрбол Балапанова, Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның дуэті, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай, Меруерт Бақыт және Аян Жаймағамбетов өнер көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Сарайшық ауданында іс-шара Өнеркәсіп тұрғын алабында өтіп жатыр. Көрермен алдында Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның дуэті, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов, «DiEra» триосы, Ералы Қанжығалы және «Алтын» триосы өнер көрсетеді.

Сағат 15:00–де мерекелік бағдарлама Отау шағынауданында жалғасады. Мұнда Даниял Ахметов, Айгүл Иманбаева, Әкімхан мен Ақбота, «Qazaq Voice» триосы, Дидар Әбдіхалық және «Жарық» дуэті өнер көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Сарыарқа ауданындағы концерт «Көктал-1» тұрғын алабында орналасқан «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында басталды. Оған Аян Жаймағамбетов, Зарина Омарова, Парасат Отан, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай және «Астана» тобы қатысып жатыр.

Сонымен қатар «Көктал-2» тұрғын алабындағы «Қорғалжын» гүлзарында да мерекелік бағдарлама басталды. Мұнда Мәди Қадыров, Медет Шайкелов, Дидар Мансұр, Бауыржан Исаев, «Айлин» триосы және «Белес» дуэті өнер көрсетеді.

Сағат 15:00–де Қалалық алаңда концерт өтеді. Көрермен алдында DOS, Лұқпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ералы Қанжығалы, «DiEra» триосы және Тұрар Төлеутай өнер көрсетеді.

Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, Республика күніне орай елордада мәдени, танымдық, білім беру, спорттық, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерттер, көрмелер, спектакльдер, арнайы тақырыптағы кездесулер, байқаулар, спорт жарыстары мен түрлі акциялар өтеді.

Сонымен қатар ұлттық мерекеге орай жаңа нысандарды ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Астанада демалыс күндері қайда баруға болатынын жазғанбыз.