Жамбыл облысында бейнебақылау камералары арқылы түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған азамат анықталды. Ер адам орталық көшелердің бірінде дрифт жасап, қоғамдық орында отшашу атқан. Осы әрекеттермен ол тұрғындардың тыныштығын бұзып, жол құрылыстарына зақым келтіру қаупі туындаған.
— Полиция қызметкерлері тез арада 22 жастағы жігітті анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің бірден үш бабы бойынша шара қабылдады. Осылайша құқық бұзушы Диярбек Қонарбаев сот қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — дейді тәртіп сақшылары.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, түнгі тыныштықты бұзбауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бұған дейін ІІМ аулада отшашу ұйымдастыруға байланысты қауіпсіздік талаптарын ескертті.