Дрон шабуылы: Мәскеуге бағыт алған өзбекстандық ұшақтар басқа әуежайларға жіберілді

Фото: Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мәскеу қаласына және облысына жасалған дрон шабуылына байланысты Өзбекстаннан Ресей астанасына бағыт алған бірқатар ұшақ қону үшін өзге әуежайларға жіберілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Uzbekistan Airways компаниясынан мәлім еткендей, мына бағытта рейс орындаған ұшақтар келесі әуежайларға қонуға жіберілді:

- Бұхара-Мәскеу - Самараға;

- Ташкент-Мәскеу - Санкт-Петербургке;

- Үргеніш-Мәскеу - Пулковоға;

- Ташкент-Мәскеу – Үргеніш әуежайына бағытталды.

- Шектеулер алынған соң барлық рейстер негізгі маршрут бойынша орындалады. Бұл ретте авиакомпанияның келесі рейстер кестесіне де өзгеріс енгізіледі, - делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Еуропаға бағыт алған өзбекстандық ұшақтар Ресейді айналып өтіп жатқанын жазып едік. Бүған Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің нұсқауы себеп болған.