«Дружба» мұнай құбырына шабуыл: қазақстандық мұнайды жеткізуде қауіп бар ма
18:51, 22 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігі «Дружба» мұнай құбырына жасалған шабуылдан кейін Қазақстанның мұнайын тасымалдауға қатысты ресми түсінік берді.
— Қазақстан мұнайын жеткізу «Дружба» мұнай құбырына жасалған шабуылдан зардап шеккен жоқ. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қазақстандық мұнайды тасымалдау қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. Жөнелтушілерден мұнай қабылдау шектелмеген, — деген мәлімет таратты министрліктің баспасөз қызметі.
Былтыр желтоқсанда «Дружба» құбырындағы ақау шығып, қазақстандық мұнайды басқа желі арқылы тасымалдаған еді.
Кейін «Дружба» мұнай құбырының ақау шыққан учаскесі қалпына келтірілді.
Еске салайық, биыл 17 ақпанда Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау стансасына дронмен шабуыл жасалды.