«Дубай-Астана» рейсінде ұшақ бортында темекі шеккені үшін ер адамға айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Дубай-Астана» рейсінде ұшақ бортында темеі шеккені үшін ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

«4 шілде күні 01.50-де Астана қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне «Эйр-Астана» әуе компаниясынан тәртіпсіз жолаушыны тапсыру  жөнінде акт келіп түсті. Құқық бұзушы «Дубай-Астана» бағытындағы әуе кемесінің бортында темекі шеккен Қарағанды қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.

Ол үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

 2016 жылдың басынан бері көлік полицейлері әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін 31 522 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, соның ішінде белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 2300-ден аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.