Light Up 2018 деген атпен өткен шоуға әйгілі Бурдж Халифа ғимараты түгел пайдаланылған. Кейбір БАҚ-тардың хабарына қарағанда, шоу Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі.
Көрермендер 7 минут бойы музыкамен сүйемелденген салтанатты лазерлік проекцияларды тамсана тамашалады. Ұйымдастырушылар қарапайым салюттердің орнына лазерді пайдаланған.