Қостанай қаласының ІІБ кезекші бөлімі Чехов көшесіндегі дүкендердің бірінен ойыншықтардың қолды болғаны туралы хабар алады.
«Дүкен сөрелерінен "Лото", "Домино" сияқты бірнеше дамытатын ойыншық пен құрастырғыштар ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады. Кейіннен оның облыстық наркологиялық диспансерде емделіп жүргені анықталды. Шығын көлемі 18 500 теңгені құрады», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.
Ұрланған заттардың барлығы тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.