АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов күміс медальға ие болды.
Бұған дейін әлем және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанып үлгерген Д.Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Мужибилло Турсуновпен шеберлік байқасты.
Аса қызу өткен жекпе-жек барысында бірінші раундта төрешілер басымдықты М.Турсуновқа берді – 3:2. Екінші кезеңде дәл осындай есеппен Дулат алға шықты.
Үш раундтан соң бейнежазбаны қайталап көрген төрешілер жеңісті өзбекстандық боксшыға беріп жіберді. Осылайша, Қазақстан қоржынына әзірге 1 алтын, 3 күміс түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санжар Тәшкенбайдың бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік. Сондай-ақ Махмұд Сабырхан алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).