12:58, 11 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Махмұд Сабырхан алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан алтын жүлдеге қол жеткізді.

Әлем чемпионы М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жегін Өзбекстан өкілі Шахзод Музаффаровпен өткізді.
Бірінші кезеңде Махмұд 4:1 есебімен басымдылық танытты. Екінші кезеңде қазақстандық боксшы шабуылын үдеткенімен, есеп өзгерген жоқ. Қорытынды есеп – 4:1, Махмұдтың пайдасында.
Осылайша, бұдан екі жыл бұрын Азия біріншілігінде күміс алған Махмұд Сабырхан биыл оны алтынға ауыстырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласатынын жазған едік.
Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.