«Менің де баратын жерім көп, бірақ бара алмаймын. Туған құдам қайтыс болғанда да бара алмадым. Топырақ сала алмай қалдық Адам аяғы сиреген соң, 2-3 адам ғана болатынын білгеннен кейін қырқына барып келдім. Басқа кесел - кесел, бұл кеселдің беті жаман», - дейді Дулат Исабеков.
Ол халықты індет кезінде сабыр сақтауға шақырды.
«Егер осылай айтқан сөзді тыңдамай, елемей, тойға топырлап бара беретін болсақ - бұл індеттен, бұл кеселден ешқашан құтыла алмаймыз. Осы есімізде болсын», - дейді ол.