1986 жылы алғаш шыққан «Құдіретті сауыт» франшизасы Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал туындылардың бірі. Жылдар өткен соң жобаның қайта оралуы, әлем бойынша жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Ал, түсірілім Маңғыстауда өтетін болса, бұл — Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға болмақ.
Команда келген күні Маңғыстау облысының әкімімен кездесіп, ұйымдастыру мәселелері мен өңір аумағында түсірілім процесін өткізуге қажет қолдау шараларын талқылаған.
Егер жоба түпкілікті бекітілсе, Маңғыстау жаһандық кинематографиялық тарихтың бір бөлігі болып, Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмде алғаш рет көрінуі мүмкін.
«Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун да Ақтауға келгенін әлеуметтік желіде жариялады.
Бұған дейін, Джеки Чан «Құдіретті сауыт» фильмінің франшизасын Қазақстанда жалғастыратынын жазған едік.
Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті.