Джей Ло концерті: Зәкиева волонтер болған жасөспірімдерге қатысты мәлімдеме жасады
18:55, 12 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне кәмелетке толмағандарды ерікті ретінде тарту мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы уәкіл әлеуметтік желіде жазды.
— Барлық мән-жайды зерделеу және тиісті шараларды қабылдау үшін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және уәкілетті органдарға өтініш жолдадым, — деп жазды Динара Зәкиева.
Еске салайық, бұған дейін Джей Лоның Алматыдағы концерті қалай өткенін жазғанбыз.
Айта кетелік Алматыда Джей Лоның концертінде жалған билет сатқан күдікті ұсталған еді.