АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті.
Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Ол жартылай финалда Қырғызстан өкілі Абдурахман Муртазалиевті жеңді.
Мерейдің финалдағы қарсыласы Сауд Арабия өкілі Абдулла Тарик Нада болмақ.
Айта кетейік, джиу-дитсудан Болатбек Сейілхан Азиаданың қола медалін алды.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.