Болатбек Сейілхан джиу-дитсудан Азиаданың қола медалін алды
АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
77 келідегі Болатбек Сейілхан қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Болатбектің пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.
Айта кетейік, осыған дейін Адлан Мадаев джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесіне таласатынын хабарлаған болатынбыз.