Адлан Мадаев джиу-джитсудан Азиаданың қола жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Адлан Мадаев
Фото: Арлан Олжабай

77 келідегі Адлан Мадаев ширек финалда Ирак спортшысы Амро Мохаммед Фпдхил Әл-Саммаррайды 50:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Махди Алаулажиге (БАӘ) белсенділік бойынша (0:0) жол берді.

Оның 3-орын үшін қарсыласы енді анықталады.

Осыған дейін Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азиядада күміс жүлде еншілегін болатын.