Джонни Депп «Майталман шебер мен Маргарита» фильмінде басты рөлді сомдайды

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық актер Джонни Депп Михаил Булгаковтың «Майталман шебер мен Маргарита» романының тұңғыш ағылшын тіліндегі кинокартинасында басты рөлге қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Variety журналы.

Фото: Yahoo.com

Аталған журналдың мәліметінше, Депп жобаға продюсер ретінде де қатысады, ал түсірілімдер оның IN.2 Film киностудиясының бақылауымен өтеді.

Фильмнің режиссері әзірге тағайындалмаған. Өндіріске кірісу келесі жылдың соңына қарай жоспарланған.

62 жастағы Депп көптеген фильмдегі басты рөлдерімен танымал, соның ішінде оның карьерасындағы ең коммерциялық табысты жобалардың бірі — «Кариб теңізінің қарақшылары» франшизасы бар.

Еске сала кетсек, Лос-Анджелесте 83-ші «Алтын глобус» — 2026 сыйлығының жеңімпаздары жарияланды.

Сондай-ақ Netflix компаниясы Warner Bros.-ты 82,7 млрд долларға сатып алып, ең ірі стриминг сервисін «Касабланка» және «Гарри Поттер» франшизасы сияқты фильмдер түсірген әйгілі студиямен біріктіретінін хабарлаған еді.

Ал Netflix-ті басып озған қазақстандық онлайн-кинотеатр халықаралық марапат алды.