— 1792 жылы соғылған бес центтік монета Heritage аукционында сатылды. Сауда барысында Рональд Фирманның коллекциясындағы бұл бірегей жәдігерге 66 ұсыныс түсіп, бағасы рекордтық 2,928 миллион долларға жетті, — делінген аукцион үйінің хабарламасында.
Сауда 8-9 қазанда өткен. Аталған монета АҚШ нумизматикасы тарихындағы тарихи маңызы зор жәдігерлердің бірі саналады.
2013 жылы осындай номиналдағы монеталар үшін орнатылған аукциондық рекорд жаңартылып, жаңа баға бұрынғы көрсеткіштен екі еседен астам өсті.
Аукционның атқарушы директоры Тодд Имхоф бұл нәтижені монетаның АҚШ нумизматикасының ең жоғары деңгейіндегі жәдігерлер қатарындағы орнына лайық көрсеткіш деп бағалады.
Монетаның ортасында Азаттықтың бюсті бейнеленген. Оның айналасында ағылшын тілінде «Азаттық — ғылым мен өнеркәсіптің бастауы» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде жасалған жылы — 1792 жыл көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та 11 қыркүйек құрбандарын еске алуға арналған монета шығарылған болатын.