Айтулы додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан дзюдошылар қатысып, бақ сынауда.
Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 60, 66, 73, әйелдер арасында 48, 52, 57 және 63 кг салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.
Ең күтпеген нәтиже 60 кг салмақта тіркелді. Финалдық бәсекеде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ақтөбелік Рүстем Ибраев пен батысқазақстандық Тоқтар Үмітәлиев татамиге шықты. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті, 21 жасар Т.Үмітәлиев даңқты қарсыласын иппонмен таза жеңіп, спартакиада чемпионы атанды.
Спартакиадаға келген спортшылардың ішінде ең атақтысы да осы Р.Ибраев болатын.
Ертең ерлер 81, 90, 100 және 100 кг, әйелдер 70, 78 және 78 кг салмақта сынға түседі.
9 маусым, соңғы күні аралас командалық жарыста ерлер 73, 90, 90, әйелдер 57, 70, 70 кг салмақтарда татамиге шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ескек есуден ҚР V жазғы спартакиадасы өтіп жатқанын жазған болатынбыз.