НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасы Будапештегі дзюдодан Гран-при турнирін бір алтын, бір күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың соңғы,жексенбі күні 90 келіге дейінгі салмақта күрескен Ислам Бозбаевтың жүлде алатынмүмкіндігі болды.
Қазақстандықдзюдошы жартылай финалға дейін тамаша күресіп, МаксСтеуарт (Ұлыбритания), Тоц Апор (Венгрия), Итай Голан (Израиль) және АлександарКуколжды (Сербия) жолдан тайдырды.
Жартылайфиналда әлем чемпионы, испаниялық Николоз Шеразадишвилиге есе жіберді.
Қолажүлде үшін бәсекеде И.Бозбаев грузиялық Бека Гвинашвилимен татамиге шықты. Белдесубарысында грузиялық спортшы вазари ұпайымен алға шықты. Содан кейін де Исламбелсенділік таныта алмады. Ақыры үшінші ескерту алып, жеңіліп қалды.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Елдос Сметовтің алтыналғанын, ал Елдос Жұмақановтың күміс жүлдегер атанғанын жазғанболатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).