Дзюдодан Әлем чемпионатында алғашқы жарыс күнінде Ғұсман Қырғызбаев сайысқа түседі

Фото: Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан астанасы Будапештте өтетін дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан алғашқы жарыс күні, 13 мамырда кімдердің шағытыны белгілі болды.

Ел құрамасынан татамиге былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова (48 келі) шығады. Ал одан кейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) сайысқа түседі.

Айта кетсек, ұлттық құрама Мажарстанда соңғы жаттығу жұмыстарын өткізді.

Дзюдодан әлем чемпионаты 13-20 маусым аралығында өтеді. Қазақстан сапынан елдің үздік 12 дзюдошысы бақ сынайды.

Дүбірлі дода 13-20 маусым аралығында өткізіледі. Онда 92 елден келген 566 спортшы 14 салмақта жүлдеге таласады.

Ерлер құрамасында Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мейірлан Максим (90 келі), Нұрлыхан Шархан мен Марат Байкамуров (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер құрамасынан Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева (48 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі) татами төрінде сынға түседі. Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Астанада өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық балуандар тоғыз медаль еншіледі.