Дзюдодан Ажар Асхат Азиаданың ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Әйелдер арасында 70 келідегі Ажар Асхат 1/8 финалда Таиланд дзюдошысы Супатра Наногты вазари әдісімен жеңді.

Ал 57 келідегі Дана Әбдірова ширек финалда Өзбекстан өкілі Шукуржон Аминовадан ескерту саны бойынша есе жіберді.

Айта кетейік, осыған дейін Әбиба Әбужақынова Азиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды.