АСТАНА. KAZINFORM — Болгария астанасы София қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Жарыстың соңғы күні қазақстандық Әділжан Жаудинов 90 кг салмақта қола жүлдені жеңіп алды.
Медаль үшін белдесуде Әділжан чехиялық Меличар Скодамен татамиге шықты.
Ә.Жаудинов жекпе-жек барысында екі вазариге қол жеткізіп, қарсыласын тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.
Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 кг) чемпион атанса, Мұхаммедәлі Жылқайдар (66 кг) күміс, Арман Мыса (50 кг) мен Ролан Қайырғали (66 кг) қола жүлдеге ие болған еді.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 6-орынға табан тіреді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ернұр Батырғалидың кадеттер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).