Дзюдошы Әділжан Жаудинов әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов ширек финалда сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз бұл кезеңде Даниэль Чермакпен (Венгрия) белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Әділжан Жаудинов әлем чемпионатының финалына шығу үшін түркиялық Ибрахим Татароглумен күреседі.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева екінші рет қатарынан жарыстың финалына шықты.