Жарыстың алғашқы күнінде финалдық кезеңге қазақстандық Арман Мұса жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында дзюдошымыз өзбекстандық Хуснуд Султановқа есе жіберді.
Осылайша, Мұса қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы - венгриялық Милан Сабо.
Айта кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы төрт медальмен аяқтады.