Дзюдошы Шерзод Давлатов Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді
15:57, 25 Сәуір 2025
БАНГОК. KAZINFORM – Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов қола жүлдеге ие болды.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық балуан Бахром Ботуровтан айласын асырды.
Өкінішке қарай тағы бір қазақстандық спортшы Нұраділ Әлжан қола медаль үшін өткен кездесуде тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаеваның дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдесін еншілегенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық төрт балуан қола жүлдеге таласатынын жазған едік.