АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Парижде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ә.Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.
Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтіп, қосымша уақытта оңтүстіккореялық дзюдошы үшінші ескерту алды. Сөйтіп жеңіс Әбибаға берілді.
Бұл – өткен жылы қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған Әбиба Әбужақынованың биылғы екінші медалі.
Бұдан бұрын ол Португалияда өткен әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Португалияда 2 қазақстандық дзюдошының алтын мен күміс медаль иеленгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).