Жауапты хатшының сөзіне қарағанда, биыл айтулы жобаны қаржыландыруға бюджеттен 5 млрд. теңге қарастырылса, бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге көзделген. «Қаражат негізінен «e-learning» жобасын әр түрлі сегменттер бойынша іске асыруға жұмсалады. Атап айтқанда, компьютерлік жабдықтарды сатып алуға, ғаламтормен қамтамасыз етуге, сонымен қатар білім беруді сандық әзірлеуге жұмсалды. Соның ішінде білім берудің сандық ресурсын әзірлеуге 15 млрд. теңгенің 3 млрд. теңгеге жуығы қарастырылған», - деді Ә. Ғалымова. Оның айтуынша, жабдықтарды жеткізумен мемлекеттік «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы айналысады.