«Іс-тәжірибе көрсеткендей оқытытылған материал әлдеқайда түсінікті интерактивтік формада ұсынылу есебінен e-learning үлгерімді 15-20%-ға арттырады», - деді С.Ерсалиев.
Сонымен бірге, ол бүгінгі таңда электрондық оқыту жүйесімен шамамен 600 оқу орны қамтылғанын атап өтті.
Электрондық жүйе туралы айта отырып, Білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің басшысы қазіргі уақытта жобаны техникалық және инфрақұрылымдық жабдықтау ғана емес, оның контенттік бөлігінде де жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Осылайша, primeminister.kz сайтының хабарлауынша, бүгінгі таңда сандық білім беру жүйесінің мазмұнымен Білім беруді ақпараттандыру орталығы, сонымен қатар сандық контент жасайтын оннан астам жеке компаниялар айналысуда.