Кәсіпорында мұнай өндіру көлемі 28–30%-ға төмендеп, тәулігіне 61–63 мың тоннаны құрады.
«Екінші буын зауытында (ЕБЗ) 400-орнатылымдағы E-401A қазандық-утилизаторына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс көлемі ішінара тоқтатылды. Құрал-жабдықты тексеру барысында жергілікті коррозияға ұшыраған ақаулар анықталды»,-делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталу мерзімі – биылғы 23 қараша.
Азия даму банкінің (АДБ) 2024 жылға дейінгі Азиялық даму болжамына сәйкес, Теңіз кен орнын кеңейту жобасының 2025 жылы аяқталуы орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының айтарлықтай өсуіне ықпал етуі тиіс екенін хабарлаған болатын.