Сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видеода алдымен, екі әйел арасында жанжал шыққанын, кейін ер адам олардың бірін жерге жығып, ұра бастағанын көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың сөзінше, құқық қорғау органдары тексеруді 1 мамырда бастады.
«Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды», - деді Рустам Әбдірахманов.