Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ берді деп айыпталады.
Серғазиев ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының египеттік әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.
Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады.