Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.
Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ Досжан Жолжақсынов ширек финалда ресейлік Егор Сухопаровты жеңді.
Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.
Бұған дейін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы жүлдегерлері марапатталғанын жазғанбыз.