Республика бойынша 54 мың 755 адам өз үйлеріне оралды. 5 мың 291 адам, оның ішінде 2 239 бала эвакуациялау пункттерінде. 11 205 тұрғын үй мен 3 516 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылып, 7,8 млн қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді.
Атырау облысындағы Талдыкөл ауылына қауіп төніп тұр. Аталған аймақты су басуы мүмкін екені хабарланды.
Талдыкөл – Махамбет ауданында Жайық өзені жағалауындағы елді мекеннің бірі. Бұл елді мекен Бейбарыс ауылдық округінің аумағында орналасқан. Округ әкімі Сейілбек Зұлхашевтың айтуынша, Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Талдыкөл ауылын су басу қаупі бар.
Атырауда су тасқыны 4-5 күннен кейін ең қауіпті деңгейге шығуы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 333 070 текше метр еріген қар суы сорлып, 165 тұрғын үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 111 құрғатылған үйде дезенфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Петропавл қаласының Борки кенті мен Карьерная көшесінде су басқан үйлер жоқ. Күн сайынғы аэровизуалды тексеру және құрғатылған аумақты дезенфекциялау жұмыстары жалғастырылуда.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары және Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр.