Екі облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды
11:18, 07 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 7 наурыз сағат 10:30-да күннің бұзылуына байланысты екі облыстың республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ақмола облысы:
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 346 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407 — 429 шақырым аралығы (Чистополье ауылы — Ақмола облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылы 8 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін республикадағы ашық және жабық жолдар туралы жаздық.