Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

11 ақпан сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола мен Қарағанды облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы

– «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 35 — 51 шақырым аралығында (Қабанбай батыр ауылы — Қарағанды облысының шекарасы); 

Қарағанды облысы

«Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51 — 101 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Нұра кенті). 

Айта кетейік, жолды 2026 жылы 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін жазған едік.