Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
Павлодар облысы:
2026 жылғы 7 ақпан сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200 — 254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылады.
Жолды 2026 жылы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Ақмола облысы:
2026 жылғы 7 ақпан сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16 — 200 шақырым аралығында (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолды 2026 жылы 7 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жол жабылғанын жазған едік.