Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарында жол жабылғанын хабарлады.
«2026 жылғы 6 ақпан сағат 03:30-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті» автомобиль жолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Сондай-ақ Қарағанды облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.
2026 жылғы 6 ақпан сағат 04:00-де ауа райының бұзылуына байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
- «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 248-592 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылы - Балхаш қаласы);
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы);
- «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
- Астана-Қарағанды(айналма жолмен) - Алматы" автожолының 164-198 шақырым аралығы, (Теміртау ақы алу пункті -Қарағанды қ.).
Жолды 2026 жылы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, бүгін еліміздің үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.