Екі облыста жол жабылды

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2026 жылғы 10 ақпан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:

Ақмола облысы:

- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолының 232-260 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автомобиль жолының 537-552 шақырым аралығындағы учаскесі (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);

- «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автомобиль жолының 71-82 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақсай елді мекенінен Бұзылық ауылына дейін);

Қостанай облысы:

- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолының 8-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автомобиль жолының 385-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Рудный қаласына дейін).

- 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жол жабылғанын жазған едік.