Шығыс Қазақстан облысында сағат 20:00–ден бастап «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15–105-шақырым аралығында (Белоусовка кенті — Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ал Қарағанды облысында сағат 21:00–ден бастап KAZ 15 «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 60–265-шақырым аралығында (Ботақара кенті — Бақты кенті) жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынады.
Екі жол учаскесіндегі қозғалысты да 2026 жылғы 23 қазанда сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.
Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін түнгі және таңғы уақытта Ақмола, Абай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болатынын хабарлағанбыз.