ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Е.Смоляковаға берілді.
- Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін, - деді Е.Смолякова.
Сонымен қатар ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.
Еске салсақ, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Руслан Берденовтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.